Бүгін: 05.01.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 8-10 қазанында Тараз қаласында «Жануарлардан алынатын өнімдерді зерттеу: міндетті және қосымша әдістер» тақырыбында пилоттық семинар-тренинг өтті. Бұл шара РМК «РВЗ»-ның бас директоры Елшібаев Т.А. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шара Жамбыл облыстық филиалы мен Ш. Муртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының бірлесуімен өткізілді.

Семинарға Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ветеринарлық-санитарлық экспертизасы саласындағы мамандары қатысты. Қатысушылар жануарлардан алынатын өнімдерді талдаудың заманауи әдістері бойынша білімдерін тереңдетіп, нарықтағы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға үлес қосты. Міндетті және қосымша зерттеу әдістері талқыланып, мамандардың қазіргі талаптар мен стандарттарды жақсы түсінуіне мүмкіндік берді.

Бұл шара ветеринарлық бақылауды жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды. Кәсіпорын барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін және кәсіби дағдыларын арттыруға ұмтылғандары үшін алғыс білдіреді!