Бүгін: 03.12.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқыту USAID «Қазақстандағы жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған және зооноздық аурулармен және денсаулыққа басқа да қауіп-қатерлермен күрес саласындағы білімді нығайтуға бағытталған.

Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен іске асырылды. Оқыту зооноздық қауіптерге және денсаулық сақтаудың басқа да қауіптеріне тиімді жауап беруге байланысты негізгі тақырыптарды қамтыды.

Республикалық ветеринариялық зертхананың тәлімгері ретінде Байсейітов Саят Төлебайұлы қатысушылармен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Оқытудың бұл кезеңі жергілікті жерлерде санитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандардың кәсіби дағдыларын арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Жергілікті кадрлардың құзыреттерін күшейту денсаулық сақтау және экология саласындағы туындайтын сын-қатерлерге тезірек және тиімдірек жауап беруге көмектеседі, бұл өз кезегінде халық үшін қауіпсіз орта құруға ықпал етеді.