Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаровтың қолы қойылған бұл награда ветеринария саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы болып табылады.
Бас директор өзінің ұзақ жылдар бойы кәсібіне адал қызмет еткен қызметкерлерге ерекше алғыс білдіріп, оларды жоғары бағалайды. Зертхана мен саланың дамуына айтарлықтай үлес қосатын тәжірибелі, адал және кәсіби мамандарға әрдайым ерекше назар аударылады.
Айсұлу Шегебайқызының ветеринария саласында 37 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде 12 жыл Астана өңірлік филиалында еңбек етуде. Ол өзінің кәсіби жолын аудандық зертханаларда жұмыс істеуден бастап, әртүрлі ветеринарлық тәжірибе кезеңдерінен өткен сенімді маман ретінде қалыптастырды. Қазақстанның түрлі өңірлерінде қызмет ете отырып, ол өз ісіне деген жоғары жауапкершілігімен және адалдығымен ерекшеленді.
Қызметкердің тәлімгерлікке деген ерекше көзқарасы, жинақталған білім мен тәжірибесін жас мамандарға беруі кәсіби қоғамдастықтың дамуына зор үлес қосуда. Оның кәсібилігі мен еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен адалдығы әріптестеріне үлгі болып, ұжымның мақтанышына айналды.
Республикалық ветеринариялық зертхана осындай қызметкерлерді мақтан тұтып, Қазақстанның ветеринария мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін ризашылығын білдіреді.