Бағдарлама барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
- микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің артуы және бұл мәселені шешу жолдары;
- дәріханалар мен интернет арқылы антибиотиктерді бақылаусыз сату, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді таңбалаудың маңыздылығы;
- дәрігердің нұсқауынсыз антибиотиктерді қолданудың қауіптілігі және оның адам ағзасына әсері.
Бағдарламаға еліміздің жетекші мамандары қатысты:
- Манар Смагул, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары;
- Лаура Аутелеева, PhD, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры;
- Лейла Ансабаева, БҰҰ ФАО ұлттық жобасының үйлестірушісі;
- Раушан Аубакирова, Қазақстанның тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының төрайымы.
Темірхан Елшібаев ветеринария саласының өкілі ретінде сектораралық ынтымақтастық пен үйлесімді жұмыстың микробқа қарсы тұрақтылыққа қарсы күрестегі маңыздылығын атап өтті. Ол Республикалық ветеринариялық зертхананың осы саладағы рөлін ерекше атап көрсетіп, зертхананың микробқа қарсы тұрақтылыққа қарсы күрестегі үлесін баяндады.
Талқылау барысында халық арасында ағарту жұмыстарын күшейту, дәрігерлерді ақпараттандыру және антибиотиктердің медицина, ветеринария мен ауыл шаруашылығында қолданылуын тиімді бақылау қажеттілігі айтылды. Қатысушылар микробқа қарсы тұрақтылыққа қарсы күрес халықаралық деңгейде үйлестірілген қадамдарды талап ететін жаһандық мәселе екенін ерекше атап өтті.