Бүгін: 05.01.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқыту тақырыбы «ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйелерінің ішкі аудиторларын даярлау» болды.

Курс барысында қатысушылар ішкі аудиттерді жүргізудің заманауи әдістерін терең меңгеріп, сапа менеджменті жүйесін енгізудің ерекшеліктерін талқылады, сондай-ақ практикалық кейстермен жұмыс жасады. Мұндай оқыту жоғары сапа стандарттарын қолдау, ішкі процестерді жетілдіру және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу үшін маңызды қадам болып табылады.

Бұл білім беру бастамалары қызметкерлердің кәсіби дамуына ықпал ететін кәсіпорын стратегиясының ажырамас бөлігі болып саналады. Олар мамандарға сапаны басқарудың заманауи құралдарын игеруге мүмкіндік береді, бұл болашақта зертхананың тиімділігін арттыруға және бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді.

Оқыту нәтижелері қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындығын және олардың алған білімдері мен дағдыларын күнделікті жұмысқа енгізуге толық әзірлігін көрсетті. Бұл зертхананың ішкі стандарттарын тиімді басқаруға және кәсіпорынның ветеринария саласындағы жетекші позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.