Бүгін: 05.01.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру SEO-Laboratory Mapping Tool (FAO-LMT) көмегімен жүргізілді және инфрақұрылымды, техникалық жабдықты және биологиялық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын жан-жақты бағалауға бағытталған.

Халықаралық сарапшылар мен Республикалық ветеринариялық зертхана өкілдері бірлесіп жүргізген тексеру барысында зертханалық жабдықтардың жай-күйі, биологиялық тәуекелдерді басқару шаралары және процестердің сапасына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, диагностикалық мүмкіндіктерді күшейту және эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Бағалау аясында зертхана қызметкерлеріне заманауи диагностикалық құралдарды тиімді пайдалану және биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша практикалық тренингтер ұйымдастырылды. Оқыту барысында мамандар халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасып, зертханалық процестерді жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстар алды.

Жүргізілген бағалау нәтижелері зертханалық жүйені одан әрі нығайтуға және тиімді әдістерді енгізуге негіз болады. Бұл қадам ветеринарлық диагностика саласындағы өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, зертхананың жоғары кәсіби мәртебесін одан әрі нығайтады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс жүргізу зертхана қызметтеріне деген сенімді арттырып қана қоймай, жануарлар мен адамдардың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. Бұл өңірлерде тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз етіп, ветеринариялық қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.