Зертхананың жаңартылған ғимаратын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында зертханалық жабдықтарды беру туралы келісім аясында жоспарланған. Бұл жоба ветеринария мен санитарлық бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Сапар барысында бас директор ғимаратты тексеріп, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын және олардың қазіргі кезеңдегі дайындығын бағалады. Нысанның тиімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуі үшін сапа стандарттарының сақталуы басты назарда болды.
Сондай-ақ, Т. А. Елшібаев облыстық зертхана директоры және жобаға тартылған мамандармен кездесіп, жұмыс процестерін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау және зертхананың белгіленген мерзімде іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша басым міндеттер анықталды.
Зертхананы жаңғырту өңірдегі ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыруда маңызды қадам болып табылады. Бұл жоба диагностиканың тиімділігін жақсартуға, эпизоотиялық қауіпсіздікті күшейтуге және ветеринариялық сала үшін заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға жол ашады.