Бүгін: 05.01.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің ветеринария жүйесін дамыту және 2023 жылғы 6 қарашадағы көшпелі отырыста ұсынылған ұсынымдарды іске асыру тақырыбында отырысы өтті. Шараның мақсаты – еліміздің ветеринариялық қызметін реформалау бойынша жүйелі шаралар мен нақты ұсынымдар әзірлеу.

Іс-шарада негізгі баяндама ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинге жүктелді. Отырысқа Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас прокуратураның, ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, сондай-ақ ғылыми және білім беру мекемелерінің, соның ішінде Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері қатысты.

Отырысқа Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев та қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша ветеринариялық саланы реформалау бойынша одан әрі әрекеттерге негіз болатын нақты ұсынымдар әзірленетін болады.

Күн тәртібінде ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ветеринариялық ұйымдар мен зертханалардың елдегі қауіпсіздік жүйесін нығайтудағы рөлі талқыланды.

Депутаттар Республикалық ветеринариялық зертхананың оқу-әдістемелік орталығы қызметінің маңыздылығын атап өтіп, оның мамандардың біліктілігін арттыруға және саланы әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. Орталықтың одан әрі дамуы мен қолдауы ветеринариялық қызметті тиімді реформалауға ықпал етеді деген пікір айтылды.