Бұл беделді бағдарлама қатысушылардың кәсібилігін растап, негізгі құзыреттерді дамытуға бағытталған:
- Зертханалар жүйесін дамыту;
- Көшбасшылық дағдылар;
- Басқару әдістері;
- Тиімді коммуникация;
- Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ);
- Биоқауіпсіздік және биоқорғау;
- Ауру өршуін бақылау және зерттеу;
- Төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары.
12 айға созылатын бұл бағдарлама 2025 жылы басталады және онлайн мен офлайн тренингтерді біріктіреді. Қатысушылар тәжірибелі фасилитаторлардың жетекшілігімен ғылыми жобалар дайындау мүмкіндігіне ие болады.
Қатысушыларды іріктеуден сәтті өткендерімен құттықтаймыз! Бұл бағдарлама кәсіби даму жолындағы маңызды қадам болсын!