Бүгін: 05.02.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл шақыру келесі кезеңдерге өту үшін қажетті негізгі құжаттардың бірі болып табылады.

Орталық аппараттың үйлесімді жұмысының арқасында кәсіпорын өз қызметкерлерінің кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұндай бастама Республикалық ветеринариялық зертханада алғаш рет жүзеге асырылып отыр және ол бірінші басшының тиімді жұмысының нәтижесі болып табылады. Бас директор Литваға арнайы сапармен барып, зертхана қызметкерлерінің халықаралық деңгейде біліктілігін арттыру үшін шетелде тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік беретін келіссөздер жүргізді.

Қазіргі таңда Республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, біздің кәсіпорынның 5 маманы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды:

1.Базаров Елібек Рахмоналыұлы – Қазығұрт аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринар дәрігері, Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалы.

2.Есенбеков Бақытжан Сапарғалиұлы – Ордабасы аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалы.

3.Қажы Медет Қайыржанұлы – Казталов аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринар дәрігері, Батыс Қазақстан облыстық филиалы.

4.Жонысова Айнұр Асылбекқызы – Тамақ қауіпсіздігі бөлімінің аға маманы, Ақтөбе облыстық филиалы.

5.Ахметова Назерке Серікбайқызы – Жануарлар ауруларын диагностикалау бөлімінің аға маманы, Ақмола облыстық филиалы.

Қызметкерлерімізді осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық стипендия алу – олардың еңбегі мен кәсібилігін, дамуға деген ұмтылысын лайықты мойындау.

Бұл қадам әлемдік деңгейде білім алуға, кәсіби білімді тереңдетуге және біліктілікті арттыруға жаңа көкжиектер ашады.

Жаңа білім мен дағдыларды табысты меңгеріп, шабыт пен жарқын жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!