Бүгін: 05.02.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында USAID қолдауымен ұйымдастырылды. Курста денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларының 60-қа жуық маманы қатысты.

Курс «Бірыңғай денсаулық сақтау» тұжырымдамасының салааралық тәсілін қолдануға бағытталды. Бұл тұжырымдама адам денсаулығы, жануарлар және қоршаған орта арасындағы өзара байланысты ескере отырып, зооноздық аурулардың алдын алуға, санитарлық жағдайды жақсартуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Курс барысында салааралық ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтіліп, қатысушылар зооноздық ауруларды диагностикалау және олардың алдын алу бойынша тәжірибемен алмасты. Бұл білім алмасу мамандардың өз салаларындағы кәсіби құзыреттілігін арттырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, бұл курс өңірлік және ұлттық деңгейде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ғылыми негізделген шешімдерді енгізу арқылы қоғамдық денсаулық сақтау мен ветеринария саласының дамуына ықпал етеді.