Бүгін: 05.02.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл тәсіл осы саладағы жұмыстарды жалғастыруға және мәселелерді ұзақ мерзімді әрі кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық филиалдары үшін автокөліктерді жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылдың басында 14 Hyundai Tucson және 2 Hyundai Custin маркалы автокөлік сатып алынып, өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында филиалдарға берілді.

Барлық автокөліктер сынамалар, жемшөптер және басқа да материалдарды тасымалдау кезінде талап етілетін температуралық режимді сақтайтын арнайы термошкафтармен жабдықталған. Бұл жабдық биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және логистикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Автокөлік паркін жаңарту филиалдардағы қызмет көрсету сапасын жақсартумен қатар, қызметкерлер үшін ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді. Жаңа автокөліктердің көмегімен филиалдар ветеринариялық диагностика мен бақылау саласындағы жоғары стандарттарды сақтай отырып, жедел және тиімді жұмыс істей алады.

Бұл шаралар зертхананың материалдық-техникалық базаны нығайтуға және өңірлерде ветеринариялық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады.