Іс-шараға ФАО, ДДҰ, Дүниежүзілік банк, ДЖДҰ, ЮНЕП сияқты халықаралық ұйымдардың, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың, Республикалық ветеринариялық зертхананың және басқа да серіктес құрылымдардың өкілдері қатысты.
Жобаның мақсаты – пандемияға дайындық пен жауап беру бойынша ветеринарлық, медициналық және экологиялық жүйелерді дамыту және нығайту. Басты назар эпидемиологиялық бақылауды күшейтуге, зертханалық әлеуетті арттыруға, мамандарды оқытуға және секторлар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған.
Кездесуде денсаулық сақтау, экология және ауыл шаруашылығы салаларындағы аймақтық мәселелер талқыланып, болашақ пандемиялардың алдын алу үшін сектораралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Осындай шаралар әріптестік байланыстарды нығайтып, ұлттық саясатты жетілдіруге және пандемиялармен күресте ұзақ мерзімді әлеуетті арттыруға ықпал етеді.