Жанзаков Арман Есламович – ветеринарлық медицина мен ауыл шаруашылығы саласына өмірін арнаған тәжірибелі маман. Оның бай тәжірибесі мен білімі Қазақстанның ветеринариялық қызметін дамытуға зор үлес қосты.
Еңбек жолын Арман Есламович 1990 жылы Сұлукөл асыл тұқымды зауытында жұмысшы ретінде бастады. 30 жылдық кәсіби қызметі барысында ол түрлі құрылымдарда жауапты қызметтер атқарып, мол тәжірибе жинақтады.
Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясында, Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Ветеринариялық санитария кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта Жанзаков Арман Есламович Қостанай облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. Оның кәсіби біліктілігі мен адалдығы мансабында биік жетістіктерге ұмтылатын жас мамандар үшін үлгі болып табылады.
Жаңа қызметіне тағайындалуымен құттықтап, Арман Есламұлына Қазақстанның ветеринариялық саласын дамыту жолындағы жұмысына табыс тілейміз!