Бүгін: 02.06.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылғы 24 қаңтарда «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Бас директоры Т. Елшібаевтың тапсырмасымен Комплаенс-қызмет орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізді.



Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарын қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың субъектілері мен тетіктерін, құқық бұзушылықтардың негізгі түрлерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған негізгі қағидаттар мен әдістерді талқылады.

Іс-шара интерактивті форматта өтті. Қатысушылар тақырыптарды белсенді талқылап, ұсынылған жағдайларды талдауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша диалогтарға қатысты. Семинар барысында халықтық даналық, әдеби шығармалардан үзінділер мен мақал-мәтелдер негізінде мәдени-тарихи аспектілерге ерекше назар аударылды, бұл қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Бұл семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттары туралы қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға және кәсіби қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған маңызды қадам болды.