10-14 наурыз аралығында ФАО-ның Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің мамандары, соның ішінде доктор Даниэль Белтран-Алкрудо мен доктор Чему Бласко, ветеринарлық қызмет өкілдерімен кездесіп, бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес шараларын талқылап, жергілікті фермерлермен жұмыс істеу мақсатында аймақтарға барды.
12 наурызда ФАО сарапшылары Ақмола облысындағы зертханалардың қызметімен танысып, ал 13 наурызда Республикалық ветеринариялық зертханаға барады. Кездесулер барысында эпизоотиялық жағдайды бағалау, ауруды диагностикалау, вакцинациялау және мониторинг жүргізу әдістері қарастырылады, ветеринариялық бақылауды жетілдіру мәселелері талқыландайды.
Аталған миссия халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанда бруцеллезбен күресудің тиімді әдістерін енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.






