Бұл күн қаңғыбас жануарларға қамқорлық көрсетуге арналды, оның ішінде азық-түлік және қажетті керек-жарақтарды жинау арқылы қолдау көрсетілді. Қорға бару жануарлардың жағдайын жақсартуға және олардың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Зертхана қызметкерлері сапар барысында жиналған көмекті қорға табыстап, ұйым өкілдерімен жануарларды күту және оңалту мәселелерін талқылады. Әсіресе, зарарсыздандыру, вакцинация және ветеринариялық бақылау шараларының маңыздылығы атап өтілді, өйткені бұл шаралар қаңғыбас жануарлар арасында аурулардың таралуының алдын алуда шешуші рөл атқарады.
Республикалық ветеринариялық зертхана әлеуметтік жауапкершілікке ерекше мән береді және «Наурызнама» мерекесіне тек көктемнің жаңару символы ретінде ғана емес, сондай-ақ игі істер арқылы үлес қосуды да өз міндеті санайды. «СтопОтлов» қорына жасалған сапар қайырымдылық пен жануарларға қамқорлық көрсетудің маңыздылығын айқындайтын игілікті іс-шаралардың бір бөлігі болды.






