Бүгін, Наурыз мерекесі қарсаңында, Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлері “Наурызнама” қайырымдылық бастамасына қатысып, жалғыз тұратын қарт адамдарға қолдау көрсетті. Ұжым мүшелері екі зейнеткердің ауласындағы қарды тазалап, олардың күнделікті өмірін жеңілдетуге көмектесті.
Бұл бастама үлкендерге деген құрмет пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Қыс мезгілінде жиналған қар егде жастағы адамдар үшін үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін, ал уақтылы көрсетілген көмек олардың тұрмысын әлдеқайда жеңілдетеді.
Наурыз мейрамы – жақсылық пен бірліктің символы, ал үлкендерге қамқорлық жасау, жанашырлық пен өзара көмек көрсету – оның негізгі қағидаларының бірі. Осыны ескере отырып, зертхана қызметкерлері мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, игі іске өз үлестерін қосты.
Республикалық ветеринариялық зертхана әлеуметтік жауапкершілікті жоғары бағалап, қайырымдылық бастамаларына белсенді түрде қатысады. “Наурызнама” – тек көктемнің және жаңарудың мейрамы ғана емес, сонымен қатар қоғамды біріктіретін, мейірімділік пен ізгілікті насихаттайтын уақыт.






