
Сапар барысында мамандар зертханалардың материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін бағалап, бруцеллезді анықтау әдістері мен ауруды бақылау шараларын қарастырды. Сонымен қатар, жергілікті ветеринариялық мамандармен кездесулер өткізіліп, тәжірибе алмасу мен зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Зертханалардың жұмысының тиімділігін арттыру, ветеринариялық қадағалау жүйесін жетілдіру және бруцеллезді диагностикалау мен алдын алуда халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері басты назарда болды. Бұл сапар Қазақстанның ФАО-мен ынтымақтастығын нығайтуға және ветеринариялық қызметтің дамуына серпін беретін маңызды қадамға айналды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша бруцеллезге қарсы күрес шараларын жетілдіру мақсатында зертханалық бақылауды күшейту, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру және заманауи диагностикалық технологияларды енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды.



















