Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Бас директордың тапсырмасы бойынша зертхана қызметкерлері мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешек және қажетті заттарды тапсырды.

Бұл бастаманың басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда өзара көмек пен жанашырлық мәдениетін дамыту. Әр отбасының қажеттіліктері ескеріліп, көмек барынша пайдалы әрі дер кезінде жеткізілді.

Наурыз – жақсылық пен бірліктің символы, ал айналадағы адамдарға қолдау көрсету – мерекенің маңызды дәстүрлерінің бірі. Бұл күні мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, олардың жағдайына бей-жай қарамау аса маңызды. Мұндай игі істер тек көмек алушыларға ғана емес, өзгелерге де мейірімділікке шабыт береді.

Республикалық ветеринариялық зертхана әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоя отырып, қайырымдылық шараларына белсенді түрде қатысады. «Наурызнама» – тек көктем мен жаңарудың мейрамы ғана емес, сонымен қатар жақсылық пен бірлікті нығайтатын ізгі амалдар кезеңі.