
Кәсіпорынның бас директоры Т.А. Елшібаевтың бастамасымен 2025 жылғы 26 ақпаннан 18 наурызға дейін Астана өңірлік филиалының Оқу-әдістемелік орталығы мен зертханасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің “тамақ қауіпсіздігі” мамандығының 4 курс студенттеріне арналған оқу клиникалық практикасы өтті. Топ жетекшісі Салтанат Советқызы болды.
Практика барысында студенттер оқу-әдістемелік орталықтың қызметімен және зертхана жұмысының негізгі үдерістерімен танысты. Филиал мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, зертханалық зерттеулер мен тамақ өнімдерінің сапасын бақылаудың маңызды аспектілеріне арналған презентация өткізді.
Студенттерге дәрістер мен экскурсияларды Байсеитов Саят Тулебаевич, Сырманов Қуанышбай Оралбаевич және Сейілбеков Асылбек Ералиұлыы жүргізді. Бұл тәжірибе болашақ мамандарға теориялық білімдерін толықтырып, зертханалық жағдайда құнды жұмыс дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Осындай практикалық сабақтар тамақ қауіпсіздігі саласындағы білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Олар студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, заманауи зертханаларда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне жағдай жасайды.




















