
Осыған сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында барлық облыстық, өңірлік және аудандық зертханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестер өткізілді. Ақпараттық стендтер жаңартылып, азаматтар мен ұйымдардың өтініштері үшін байланыс арналары құрылды, қабылдау кестелері бекітілді.
2025 жылға арналған жоспар аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша қосымша іс-шаралар әзірленуде. Ішкі талдау жүргізіліп, филиалдардың қызметіндегі осал тұстар нақтылануда.
Орталық аппарат пен филиалдар қызметтің барлық бағыттарында №4 “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл” үлгілік базалық бағытын іске асыруды жалғастыруда. Тапсырмалардың орындалуы ерекше бақылауда.
Наурыз-сәуір айларында филиалдардың жауапты қызметкерлеріне “Құжатшы” жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту курстарынан өту міндеттелді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.




















