
Бұл шараға Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының филиал мамандары қатысты.
Тренинг барысында ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 стандартына сәйкес аккредиттеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, аккредиттеу құжаттарының үлгілерін, сондай-ақ аккредиттеу алдындағы және кейінгі кезеңдерге қатысты шарттарды реттейтін ҚР ИСМ № 430 бұйрығына ерекше көңіл бөлінді.
Семинар мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, практикалық жағдайларды зерделеп, кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік алды.
Осындай іс-шаралар мамандардың біліктілігін арттырып, зертханалар жұмысының сапасын жақсартуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде жүргізілетін зерттеулердің сенімділігіне тікелей әсер етеді.























