Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Онлайн кездесуге орталық аппараттың, облыстық, өңірлік және аудандық зертханалардың қызметкерлері қатысты.

Темірхан Амантайұлы Наурыздың көктемгі жаңару, бірлік пен молшылықтың символы екенін атап өтіп, барша әріптестеріне ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, облыстық және өңірлік филиал директорлары да жылы лебіздерін жолдап, ұжымға денсаулық, жетістік пен табыс тіледі.

Кездесу барысында бірлескен жұмыстың маңызы мен ұйым ішіндегі ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Басшылық ұйымның жетістіктері қызметкерлердің өзара қолдау мен кәсіби бірлігінің нәтижесі екенін атап өтті.

Мереке құрметіне Бас директор барлық қызметкерлерге бір айлық жалақы көлемінде сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен табыс әкелсін!