Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Фото 2

Оқыту 2025 жылғы 11-19 наурыз аралығында РВЗ оқу-әдістемелік орталығында ұйымдастырылды.

Курстарға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды филиалдарының мамандары қатысты.

Топтардың кураторы ретінде Жекебаева Каир Шакибаевна, өндірістік бақылау және аккредиттеу бөлімінің бас сарапшысы қызмет атқарды.

Практикалық сабақтардың оқытушылары:
Жекебаева Каир Шакибаевна-өндірістік бақылау және аккредиттеу бөлімінің бас сарапшысы.
Мукашева Динара Бахытқызы-ЖАД бөлімінің ветеринарлық дәрігері.
Тетерюк Сергей Николаевич-зертханалық зерттеулер мен жоспарлауды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы.

Дәріс құрамы:
Сырманов Қуанышбай Оралбаевич-әдіснама бөлімінің және білім беру орталығының бас сарапшысы

Оқыту бағдарламасы қамтыды:
• Теориялық және практикалық сабақтар
• Заманауи зертханалық әдістерді меңгеру
• Білікті мамандардан дәрістер

Бұл курс қатысушыларға білімдерін жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалауда маңызды саналатын ПТР әдістемесінің озық тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік берді. Алынған білім мен тәжірибе Қазақстандағы зертханалық зерттеулердің сапасын жақсартуға және биоқауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін болады.

Фото 3

Фото 4

Фото 5

Фото 6

Фото 7

Фото 8

Фото 9

Фото 10

Фото 11

Фото 12

Фото 13

Фото 14

Фото 15

Фото 16