Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Маңызды шара 1 сәуірде Алматы қаласында өтіп, зертханалық зерттеулер мен қоғамдық денсаулық сақтау саласының жетекші мамандарын біріктірді.

Биыл Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлері алғаш рет NLLP бағдарламасына қатысу үшін іріктеу байқауына қатысты. Т.А. Елшібаевтың қолдауымен Орталық аппараттың бөлім басшылары Алтынай Ускенбаевна, Айгуль Саркыткановна және Саят Тулебаевич байқаудан сәтті өтіп, зертханалық саладағы көшбасшылықты дамытуға бағытталған білім беру бастамасының бір бөлігіне айналды.

Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, сондай-ақ экологиялық реттеу комитетінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер NLLP бағдарламасының зертханалық көшбасшылықты дамыту мен мамандардың біліктілігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Бағдарламаның Қазақстандағы мақсаттары мен жетістіктері туралы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры баяндама жасады. Сондай-ақ, қатысушылар Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасының қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зертханалық мамандардың маңызы туралы сөзін тыңдады.

Шара барысында NLLP аясындағы тәлімгерлік бағдарламасы таныстырылып, бірінші когорт түлегі өз жетістіктерімен бөлісіп, жаңа қатысушыларға құнды кеңестер берді. Ресми бөлімнің аяқталуы зертханалық сала мамандары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын білім беру үдерісінің басталуын білдірді.