Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Сапар барысында бас директор филиалдың бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Ол зертханалық бөлмелерді аралап, жабдықтардың жағдайына, техникалық қамтамасыз етілуіне назар аударды. Әсіресе қазіргі талаптарға сай жоғары дәлдікпен зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары тиімді сұйық хроматография жүйесі орнатылған кабинет ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ ұжыммен ашық форматта, достық әрі мазмұнды кездесу өтті. Онда өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру, әдістемелік талаптарды сақтау, мамандардың кәсіби дамуы мен жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер кеңінен талқыланды. Темірхан Амантайұлы әріптестерінің пікірлерін тыңдап, ұсыныстары мен бастамаларына қолдау білдірді. Ол өңірлер мен орталық арасындағы өзара түсіністік пен тығыз байланыс ұйымның тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.

Мұндай жұмыс сапарлары басқару мен филиалдар арасындағы байланысқа жаңа серпін беріп, өзекті мәселелерді жедел шешуге, ішкі коммуникацияны нығайтуға және ортақ мақсаттарға жетуде барша ұжымның күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Сапар нәтижелі өтіп, екі тарапта да жағымды әсер қалдырды.