
Сапар аясында Темірхан Амантайұлы «Антиген» ғылыми өндірістік кәсіпорны ЖШС бас директоры Ахметсадыков Нурлан Нуролдиновичпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ғылым және білім беру бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Әсіресе, ветеринариялық зертханалық қызмет мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Темірхан Амантайұлы РВЗ қызметкерлері үшін қазіргі заманғы аналитикалық әдістерді, соның ішінде жоғары тиімді сұйықтықтық хроматография (ЖТСХ) әдісін меңгеруге бағытталған оқыту курстары мен тағылымдамалар ұйымдастыру бойынша бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға қызығушылық білдірді. Бұл әдісті меңгеру күрделі зертханалық зерттеулердің спектрін едәуір кеңейтіп, алынатын нәтижелердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сапар аясында Темірхан Амантайұлы «Антиген» ғылыми өндірістік кәсіпорны ЖШС ұжымымен де кездесті. Кездесу барысында ол кәсіпорын қызметкерлеріне отандық ветеринариялық ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, кадрларды кәсіби даярлау саласында өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға үміт білдірді.
Сондай-ақ, РВЗ бас директорына кәсіпорынның ғылыми-өндірістік бөлімшелері таныстырылып, ол «Антиген» ЖШС-нің материалдық-техникалық базасымен және ғылыми әлеуетімен танысты. Кәсіпорын ұжымы әзірлеген және енгізген инновациялық шешімдер, өндірістік үдерістің негізгі кезеңдері мен қолданылатын жабдықтар ұсынылды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, ғылыми және өндірістік құрылымдар күш-жігерін біріктіру Қазақстандағы ветеринариялық саланың алдында тұрған өзекті міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
















