Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Сапар барысында Темірхан Амантайұлы филиалдың бөлімшелерінің жұмысымен танысып, зертханалық бөлмелерді аралап, жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қамтамасыз етілуіне баға берді. Әсіресе, жоғары тиімді сұйықтықты хроматография (ЖТСХ) жүйесі орнатылған кабинетке ерекше назар аударылды. Бұл заманауи аналитикалық құрал зертханалық зерттеулердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етіп, халықаралық талаптарға сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бас директор келесі аптада Алматы өңірлік филиалының базасында өтетін антимикробтық төзімділік (АМР) мәселелері бойынша оқытуға дайындық барысын тексерді. Аталған оқытуға облыстық филиалдардың мамандары қатысады, ал оқытуды БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшылары жүргізеді.

Филиал ұжымымен мазмұнды әрі жылы жүздесу өтті. Кездесу барысында өндірістік үдерістер, әдістемелік стандарттардың сақталуы, кадр даярлау, біліктілікті арттыру және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бас директор қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, орталық пен өңірлер арасындағы ашық диалог бүкіл жүйенің тұрақты дамуының негізі екенін атап өтті.

Мұндай жұмыс сапарлары өзара байланысты нығайтып, туындаған мәселелерге дер кезінде жауап беруге, ұжымдық рухты арттыруға және барлық бөлімшелердің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жұмылдыруға мүмкіндік береді. Сапар сенімді және сындарлы атмосферада өтіп, басшылық пен филиал қызметкерлерінде оң әсер қалдырды.