
Оқыту БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) мен Пандемияға дайындық және ден қою қорының «Орталық Азиядағы “Бірыңғай денсаулық” тәсіліне негізделген пандемияға дайындық және әрекет ету» жобасы аясында Республикалық ветеринариялық зертханамен бірлесіп ұйымдастырылған.
Аталған тренинг — ФАО мен РВЗ-ның бірлескен бастамасы болып табылады және EUCAST халықаралық стандарттарына сәйкес теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Негізгі мақсат — антимикробтық резистенттілікке (АМР) зертханалық мониторинг жүргізу саласындағы кәсіби құзыреттілікті арттыру.
Қатысушылар қатарында — Республикалық ветеринариялық зертхананың және Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың мамандары бар. Оқытуды ФАО-ның халықаралық сарапшысы Франческа Латроникo (Италия) және ұлттық сарапшы Лейла Ансабаева жүргізуде.
Аталған тренингтің өткізілуі Қазақстанда АМР-ға зертханалық мониторинг жүргізудің орнықты жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. РМК «РВЗ» бірінші басшысы Елшібаев Т.А. бұл бастаманы қолдай отырып, мамандардың біліктілігін арттыруды тиімді ветеринариялық жүйенің негізгі элементі ретінде атап өтуде.
























