Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Сапар ҚР Мәжіліс депутаттарының алдағы іссапарына байланысты ұйымдастырылды.

Сапар барысында Темірхан Амантайұлы филиалдың депутаттарды қарсы алуға дайындығын тексерді. Ол зертханалық бөлімдердің жұмысымен танысып, жабдықтардың техникалық жағдайына, құрал-жабдықтардың жарақталуына назар аударды. Әсіресе, жоғары тиімді сұйықтықты хроматография жүйесімен жабдықталған кабинет ерекше атап өтілді — бұл қазіргі заманғы талаптарға сай дәл әрі сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, филиал ұжымымен жылы жүздесу өтті. Кездесу барысында өндірістік үдерістер, әдістемелік талаптарды сақтау, кадрлық даярлық және қызметкерлерге жайлы еңбек жағдайын жасау мәселелері талқыланды. Бас директор ұжымның пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, орталық пен өңірлер арасындағы ашық байланыс бүкіл жүйенің тиімді жұмыс істеуінің кепілі екенін атап өтті.

Мұндай сапарлар филиалдардың дайындық деңгейін нақты бағалауға, жұмыс барысындағы сұрақтарды жедел шешуге және ұжымның ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.