Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің су шаруашылығы және ветеринария саласындағы өзекті мәселелер бойынша көшпелі отырысы аясында Жамбыл облыстық филиалына ауыл шаруашылығы вице-министрі Бердалин Аманғали Бисенбайұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы, Мәжіліс Парламентінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаев бастаған жеті депутаттан құралған делегация, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Ташимов Қазбек Казиханұлы және төрағасының орынбасары Қызайбаев Тасқын Серікұлы, сондай-ақ облыстардың аумақтық инспекция басшылары мен ветеринария басқармаларының басшылары келді.

Қонақтарға Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Т.А. Елшібаев жаңартылған зертханалық кешен бойынша экскурсия өткізді. Делегация мүшелеріне жаңа буынды жоғары тиімді сұйықтықты хроматография-масс-спектрометр (ЖТСХ-МС) орнатылған заманауи зертханалық кабинеттер көрсетілді, бұл технология биологиялық және азық-түлік сынамаларын жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік береді.

Шара аясында Мәжіліс Парламентінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаев Республикалық ветеринариялық зертхананың қызметкерлеріне ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың атынан «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерін табыс етті. Бұл марапаттар олардың жоғары кәсіби шеберлігі мен ветеринария саласына қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Марапатталған қызметкерлер:

- Алтынбекова Аиида Батырбековна – Мойынқұм аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі.
- Алагөзов Даурен Айтбаевич – Жуалы аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі.
- Иманбекова Лазат Жамашевна – Патологиялық-биохимиялық зертханадағы токсикология, радиология және биохимия бөлімінің маманы.
- Анарбаева Раиса Елібаевна – Меркі аудандық ветеринариялық зертханасының лаборанты.
- Керімбаева Айнаш Саметовна – Жұқпалы аурулар зертханасы серология бөлімінің лаборанты.