Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Фото 2

Оқыту бағдарламасы зертханалық сынақтарға қатысатын қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ ISO/IEC 17025 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін заманауи әдістерді тәжірибеде қолдануға бағытталды.

Зертханалық өлшеулер өнімнің сапасын қамтамасыз ету, стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкестікті растау, сондай-ақ тапсырыс берушілер талаптарын орындау үшін аса маңызды. Алайда, ең дәл құралдар мен бекітілген әдістемелерді қолданған күннің өзінде өлшеу нәтижелері белгісіздікке ұшырайды. Бұл белгісіздікті дұрыс бағалау — алынған деректерге сенімділік деңгейін анықтаудың және оларды дұрыс түсіндірудің кепілі. Бұл әсіресе өндірістік және басқарушылық шешімдер қабылдау барысында маңызды рөл атқарады.

Семинар барысында қатысушылар өлшеу белгісіздігінің теориялық негіздерімен танысып, белгісіздік түрлері мен көздерін, есептеу әдістерін және нәтижелерді рәсімдеу жолдарын қарастырды. Оқыту практикалық бағытта ұйымдастырылып, нақты мысалдарды шешу мен күнделікті зертханалық қызметте кездесетін жағдайларды талдауға басымдық берілді.

Аталған семинар зертхана мамандарының кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар зерттеу нәтижелеріне деген сенімді күшейтуге, зертхананың қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Фото 3

Фото 4

Фото 5

Фото 6

Фото 7

Фото 8

Фото 9

Фото 10

Фото 11

Фото 12

Фото 13

Фото 14

Фото 15

Фото 16

Фото 17

Фото 18

Фото 19

Фото 20

Фото 20

Фото 20