Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Фото 2

2024 жылғы 23-27 желтоқсан аралығында зертханада бастапқы аккредиттеу жүргізілді. Бағалау үдерісін «Аккредиттеу жөніндегі Ұлттық орталық» РМК-ның сарапшылары жүзеге асырды. Олар зертхана қызметінің негізгі бағыттарын ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 халықаралық стандартының талаптарына сай кешенді түрде бағалады.

Бағалау нәтижесінде зертхана аккредиттеу аттестатына ие болды. Бұл аттестат қызмет сапасының жоғары деңгейін, зертханалық сынақтардың сенімділігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарға толық сәйкес келетінін, сондай-ақ мекеменің беделі мен бәсекеге қабілеттілігінің артқанын растайды. Аккредиттеудің болуы зертхананың сынақ, өлшеу және зерттеу жұмыстарын жоғары техникалық деңгейде жүргізе алатынын және тапсырыс берушілердің сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетті екенін ресми түрде мойындатады.

Зертхананың шекара маңындағы өңірде орналасуы оның экспорттық әлеуетін айқындайды және аккредиттеу оның стратегиялық маңызын арттыра түседі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына сәйкес, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе одан шығарылатын (импорт/экспорт) тамақ өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптаманы тек ветеринариялық зертханалар немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген, ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар ғана жүргізе алады. Бұл талаптар ЕАЭО туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартта көзделген.

Алынған аккредиттеу аттестаты зертхана үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, әсіресе халықаралық нарыққа шығу және сыртқы экономикалық қызмет бағытында.

Фото 3

Фото 4

Фото 5

Фото 6

Фото 7

Фото 8

Фото 9

Фото 10

Фото 11

Фото 12

Фото 13

Фото 14

Фото 15

Фото 16

Фото 17

Фото 18

Фото 19

Фото 20