Экскурсия барысында филиалдың басшысы Т.А. Елшібаев мекеменің негізгі қызмет бағыттары туралы толық ақпарат беріп, зертхананың материалдық-техникалық базасын, заманауи диагностикалық және бақылау әдістерін көрсетті. Сондай-ақ қонақты зертхана ұжымымен және олардың күнделікті жұмыс барысымен таныстырды.
Кездесу барысында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай жұмыс жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде Ван Лэй Қытай тарапынан ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық бар екенін атап өтті. Қытай тарапы зертханалық диагностика, биологиялық қауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және тәжірибе алмасу бағыттарында серіктестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.
Республикалық ветеринариялық зертхана ҚХР-дан ресми делегацияны қабылдауға дайын екенін білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, оқу семинарларын ұйымдастыру және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізуге әзір екенін айтты.






