Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Фото 2

Бұл оқыту мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және қызметкерлерге зертханалық тәжірибеде қолданылатын өлшеу әдістемелерінің дұрыстығын бағалау, талдау және құжат жүзінде негіздеу бойынша терең әрі жүйелі білім беруге бағытталды.

Семинар барысында валидация және верификация процесіне қатысты заңнамалық, нормативтік және құқықтық құжаттар кеңінен қарастырылып, оларды аккредиттелген зертханаларда тәжірибеде қолдану жолдары түсіндірілді.

Қатысушылар мониторинг құралдары — өлшеу және сынау жабдықтары, эталондар, индикаторлар, стандартты үлгілер мен бақылау құрылғыларымен жұмыс істеу тәсілдерімен жан-жақты танысты. Практикалық жағдайлар негізінде нақты мысалдар қарастырылып, құжаттарды рәсімдеу мен сынақ жүргізу тәртібі бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді.

Оқу қорытындысы бойынша әдістемелерді валидациялау мен верификациялауға жауапты мамандар өз кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, өлшеу нәтижелерінің сапасын, дәлдігін және қайталануын халықаралық талаптарға сай қамтамасыз ету мүмкіндігін иеленді.

Осындай оқыту іс-шаралары ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруге, қадағалаушы органдар мен серіктестер тарапынан сенімді нығайтуға, сондай-ақ кәсіпорындағы сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жақсартуға жол ашады.

 

Фото 2

Фото 2

Фото 2

Фото 2

Фото 2

Фото 2

Фото 2

Фото 2

Фото 2

Фото 2