Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Кездесуге Bio-Rad Middle East компаниясының бас директоры Elif Korkmazhan (БАӘ), молекулалық сегмент бойынша даму және сату жөніндегі директордың орынбасары Анастасия Сапун (Беларусь), сату бөлімінің жетекшісі Маржан Жақупова және даму жөніндегі директор Ринат Хуснуллин қатысты. Зертхана тарапынан құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен өндірістік блогының қызметкерлері қатысты.

Анастасия Сапун ветеринариялық диагностика және азық-түлік қауіпсіздігі салаларында қолданылатын полимеразды тізбекті реакция (ПТР) технологияларына, соның ішінде цифрлық ПТР тәсілдерінің артықшылықтарына тоқталып өтті. Қатысушылар халықаралық тәжірибелер мен осы бағыттағы ғылыми-техникалық жаңалықтарды талқылады.

Талқыланған шешімдердің қатарында - тамшылатып цифрлық ПТР технологиясы ерекше аталып өтті. Бұл әдіс нуклеин қышқылдарын жоғары дәлдікпен және сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдер зертханалық диагностиканың тиімділігін арттыру және күрделі үлгілермен жұмыс сапасын жақсарту тұрғысынан қызығушылық тудырады.

Кездесу таныстыру сипатында өтіп, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ ветеринариялық зертханалардың жұмысын жетілдіруге бағытталған идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.