
Іс-шараға Республикалық ветеринариялық зертхананың Бас директоры Елшібаев Темірхан Амантайұлы қатысты.
Сессияның ресми ашылуында Ассамблея Президенті доктор Сусана Помбо және ДЖДСҰ Бас директоры доктор Эммануэль Субейран қатысушы елдердің министрлері мен вице-министрлерімен кездесу өткізді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың атынан доктор Субейранды ДЖДСҰ Бас директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтау жолданды. Қазақстандық тарап ұйымның жануарлар денсаулығы мәселелеріндегі жаһандық көшбасшылығын одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Қазақстанның аусыл бойынша әл-ауқат мәртебесін қалпына келтіру бойынша қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды:
• серологиялық мониторингті түзету,
• жануарлар қозғалысына бақылауды күшейту,
• ветеринариялық қадағалау ашықтығын арттыру,
• мамандарды оқыту және фермерлерді ақпараттандыру.
Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерге қатысты мәртебені қалпына келтіру досьесін тапсыру жоспарлануда.
Сессия аясында түрлі елдер мен ұйымдардың делегаттарымен бірқатар екіжақты және көпжақты кездесулер өтті:
•ДЖДСҰ Бас директоры доктор Эммануэль Субейранмен кездесу
•ANSES ғылыми директоры (Франция) — Еуропалық Одақтың жетекші ветеринариялық агенттігі
•Болгария делегациясы және елдің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігерімен кездесу
•Түркия, Иран және Грузия делегацияларымен кездесулер
•Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесу
•ДЖДСҰ Бас директорының кеңесшісі Роман Марабеллимен кездесу
•IMV Technologies өндірістік алаңына бару кездесуі
Сессияға қатысу Қазақстанның жаһандық ветеринариялық күн тәртібін қалыптастыру мен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі белсенді рөлін растаған халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды.














