
Кездесу ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша, Вице-министр Аманғали Бисенбайұлының және Францияның Ресейдегі Елшілігі жанындағы ауыл шаруашылығы, санитарлық және фитосанитарлық мәселелер жөніндегі кеңесші — Мари-Аньес Амос ханымның қатысуымен ұйымдастырылды.
Келіссөздер барысында қазақстандық тарап аусыл бойынша салауаттылық мәртебесін қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ДЖДСҰ тарапынан мынадай техникалық мәселелер бойынша сараптамалық қолдау көрсетуге мүдделілік білдірілді:
🔹 экспорт үшін губкалы энцефалопатия (BSE) бойынша мәртебенің болмауы;
🔹 вакцина салынған жануарларды транзиттеуді реттейтін ДЖДСҰ Кодексі нормаларын түсіндіру;
🔹 ДЖДСҰ-ның мүше елдерге сиыр етін импорттау талаптары.
Қазақстан жағы ДЖДСҰ қамқорлығымен 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде өңірлік іс-шара өткізуді ұсынды. Іс-шара тақырыбын WOAH-тың стратегиялық басымдықтары мен өңірлік қажеттіліктерге сай келісе отырып айқындау жоспарланып отыр.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ДЖДСҰ Бас директорына Қазақстанға ресми шақыру жолдады.
Бұл кездесу Қазақстан мен ДЖДСҰ арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың маңызды қадамына айналып, еліміздің жаһандық ветеринариялық күн тәртібіне белсенді қатысуға деген ұмтылысын көрсетті.






