Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы бірлескен табиғатты сақтау жобасы сәтті жүзеге асырылуда.

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бірлесе отырып, Пржевальский жылқыларын Қазақстанға қайта енгізу жобасын іске асыруда.

Аталған бастама аясында Чехия және Венгрия мемлекеттерінен Қостанай облысындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына Пржевальский тұқымының жылқылары жеткізіліп, бейімделу кезеңінен өтуде.

Жобаны ветеринариялық тұрғыдан сүйемелдеу мақсатында Республикалық ветеринариялық зертхананың Астана өңірлік филиалының ветеринариялық дәрігері Каратаева Салтанат Тынысбекқызы Венгрияда биологиялық сынамалар алу процесіне қатысуда.
Бұл жоба еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау және экожүйелік тұрақтылықты нығайту бағытындағы маңызды қадам болып табылады.