Оқыту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» базасында өтуде. Бұл алаң еліміздегі алдыңғы қатарлы ветеринариялық зертханалардың бірі ретінде, озық технологиялар мен тәжірибелерді меңгеруге кең мүмкіндік береді.
Бағдарлама Кеден одағының техникалық регламенттерінің (ТР ТС/ТР ЕАЭО) талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылған. Оқу барысында мамандар ЖТСХ/МС жүйесінің теориялық негіздерін меңгеріп қана қоймай, практикалық жұмыс дағдыларын да жетілдіруде. Бұл әдіс жоғары дәлдіктегі талдаулар жүргізуге, соның ішінде жануарлардан алынатын өнімдердегі зиянды заттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шара - зертханамыздың мамандарын халықаралық стандарттарға сай даярлау жолындағы маңызды қадам. Бұл тек кәсіби құзыреттілікті арттыруға ғана емес, сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді.