
Оқуға РВЗ-ның 16 филиалынан бөлім меңгерушілері, ветеринариялық дәрігерлер мен зертханашылар қатысты: Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Астана өңірлік филиалдары.
Семинарды Мәскеу қаласынан арнайы шақырылған «Литех» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жетекші маманы Сорокин Иван өткізді. Қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтан өтіп, BioRad құрылғысы негізінде реал-тайм ПТР әдісімен жұмыс істеу әдістемесін меңгерді.
Бұл оқыту мамандардың бруцеллезді диагностикалау бойынша кәсіби деңгейін арттырып, зертханалық зерттеулердің сапасы мен биологиялық қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етеді.






