
Оқу 25–27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы базасында, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өтті. Шараға медицина және ветеринария саласының мамандары қатысты. Бұл екі маңызды бағыттың өкілдері арасында тиімді өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік берді. Оқу «Бір денсаулық» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Республикалық ветеринариялық зертхана атынан Керимбаева А.У., Әділ Ә.Б., Смагулов М.Г. және Дулазова К.А. қатысты. Қатысушылар антимикробтық төзімділіктің алдын алу, мониторинг және бақылау, сондай-ақ төзімді микроағзаларды анықтауға арналған зертханалық әдістер бойынша теориялық және практикалық білім алды.
Бұл оқу кәсіби әлеуетті арттыруға және биологиялық қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау салаларында ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.






