Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты. Сондай-ақ, құрметті қонақтар арасында ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы мен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшылары, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері қатысты, оның ішінде ректор Қанат Тиреуов пен факультет деканы Өркен Ақибеков.
Салтанатты жиынға Республикалық ветеринариялық зертхананың барлық өңірлік филиал директорлары, сала мамандары және ардагерлер қатысты.
Министр жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, ветеринариялық қызметтің стратегиялық маңызын атап өтті. Ол қызметкерлердің эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азық-түлік қауіпсіздігіне және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, мемлекет ветеринариялық жүйені жаңғырту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты: инфрақұрылым нығайтылуда, цифрлық технологиялар енгізілуде, еңбекақы өсіп, мамандардың еңбек жағдайлары жақсаруда.
Іс-шара аясында Айдарбек Сапаров ветеринария саласында ерекшеленген қызметкерлерге мемлекеттік және салалық марапаттарды өзі табыстап, Республикалық ветеринариялық зертхананың филиал директорларына жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде тапсырды.
Жаңалықтар
Республикалық ветеринариялық зертхананың қабырғасында 2024 жылы мемлекеттік деңгейде бекітілген кәсіби мереке - Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
- 8
Бас директор
Елшибаев Темирхан Амантаевич






