Қызметкерлер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Ташимов К.К. атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл марапатқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан өңірлік және Павлодар өңірлерінің филиал қызметкерлері ие болды. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығының атынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.
«Еңбек даңқы» I, II және III дәрежелі төс белгілері барлық облыстық және өңірлік филиалдардың қызметкерлеріне табысталды. Ерекше атап өтерлік жайт - Ақтөбе облыстық филиалының директоры Сүйіндік Сапарғалиұлы Досжан I дәрежелі төс белгімен, Қызылорда облыстық филиалының директоры Манас Дүйсенбайұлы Шатенов пен Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалының директоры Асқар Жорабекұлы Қалтаев II дәрежелі төс белгімен марапатталды.
Марапаттар тек орталық аппарат пен облыс орталықтарында ғана емес, сондай-ақ кәсібіне адал, жоғары кәсіби біліктілігімен ерекшеленген аудандық зертханалар қызметкерлеріне де берілді.
Марапатталғандар қатарында еліміздің барлық өңірлеріндегі филиалдардың қызметкерлері бар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өңірлік, Астана және Алматы өңірлік филиалдары.
Барша марапатталған әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз - еліміздің эпизоотиялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің сенімді негізі.
Жаңалықтар
10 шілде күні РМК «Республикалық ветеринариялық зертхана» бас директоры Елшібаев Темірхан Амантайұлы Ветеринариялық қызметкер күніне орай салтанатты марапаттау рәсімін өткізді
- 6
Бас директор
Елшибаев Темирхан Амантаевич






