Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Boehringer Ingelheim компаниясының (Франция) ветеринариялық қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ғылыми директоры Паскаль Худелет биологиялық қауіпсіздік пен трансшекаралық инфекциялардың алдын алуда қазақстандық мамандардың қосқан үлесін атап өтіп, әсіресе аусылмен күрестегі ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Лабораториялық медицина және микробиология институтының (Германия) директоры доктор Гарольд Қазақстан ветеринарларының еңбегі ұлт денсаулығы, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы және азық-түлік қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Моңғолияның Ветеринариялық қызметінің өкілдері, соның ішінде Бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор, жылы лебіздерін білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.
Грекия Ветеринариялық қызметінің бас басқармасы Қазақстан ветеринар мамандарының жануарлар денсаулығына қамқорлық арқылы халықтың денсаулығын қорғауға қосып отырған үлесінің маңыздылығын атап өтті.
Литва медицина ғылымдары университеті (Каунас қ.) Қазақстан ветеринарларының қоғамдық денсаулық сақтау мен ғылымға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Альгимед Техно – Беларусь пен Ресейдің бірлескен биотехнологиялық өндірістік компаниясы – ветеринария саласының мамандарына өз істеріне деген адалдығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін алғыс білдірді.
«Литех» ғылыми-өндірістік фирмасы (Ресей) терең кәсіби біліммен қатар, қоғамға шын жүректен қызмет етуді талап ететін ветеринария саласының ерен еңбегіне ризашылығын білдірді.

Бұл құттықтаулар ветеринария мамандығына деген халықаралық құрметтің және жануарлар денсаулығын қорғау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғам игілігі үшін жасалып жатқан еңбектің маңызын мойындаудың айқын көрінісі.