
Іс-шараға облыстық және өңірлік зертханалардың қызметкерлері қатысты. Оқытуды Дионис Юрьевич Чайкин жүргізді.
Презентация барысында жемшөптерді, сүтті, сүт өнімдерін, ет және балық өнімдерін зерттеуге арналған әмбебап БИК-талдағыш ұсынылды. Қатысушыларға жабдықтың жемшөп үлгілерінде қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Мұндай оқу іс-шаралары мамандардың біліктілігін арттыруға және ветеринариялық зертханалар жұмысына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді. Жоғары дәлдіктегі жабдықтарды пайдалану жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зерттеу нәтижелерін жедел әрі сенімді алуға мүмкіндік береді.






