Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Бұл сапар ветеринариялық ғылым мен зертханалық диагностика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Бас директор қонақтарға филиалдың негізгі бөлімшелерін жеке өзі таныстырып, экскурсия жүргізді. Делегация жануарлар ауруларын диагностикалау зертханасының жұмысымен танысты. Мұнда ПТР, ИФА және микробиологиялық талдаулар сияқты заманауи әдістер қолданылатын жұқпалы және инвазиялық ауруларға зерттеулер жүргізіледі. Қонақтар азық-түлік қауіпсіздігі зертханасының қызметіне де ерекше қызығушылық танытты. Бұл зертханада жануар тектес өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жасалады.

Кездесу барысында делегация Оқу-әдістемелік орталықтың жұмысымен де танысты. Мұнда РВЗ-ның барлық филиалдарынан келген мамандар үшін оқыту және біліктілікті арттыру курстары тұрақты түрде өткізіледі. Елшібаев Т.А. зертханалық қызмет үшін жаңа технологияларды енгізу мен мамандарды үздіксіз оқытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесудің маңызды бөлігі ретінде жоғары тиімді сұйықтықты хроматография-масс-спектрометрия (ЖТСХ-МС) құрылғысының жұмысы көрсетілді. Бұл жабдық ветеринариялық препараттардың қалдықтары, токсиндер және басқа да қауіпті заттарды анықтау үшін қолданылады. Делегация мүшелеріне құрылғының жұмыс принциптері мен оның күнделікті зертханалық тәжірибеде қолданылуы нақты мысалдармен көрсетілді.

Кездесу соңында Иордания делегациясының әрбір мүшесіне Республикалық ветеринариялық зертхананың брендтік сыйлықтары табысталды. Бұл – зертхананың қызметіне қызығушылық білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниет танытқан қонақтарға көрсетілген құрмет белгісі.