
Оқыту 2025 жылғы 14 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді.
Бағдарлама аясында қатысушылар ИСЖ жүйесінің және «Төрт Түлік» мобильді қосымшасының функционалын қолдану тәртібімен, жануарларды тіркеу мен есептен шығару, сойылған мал бойынша рәсімдерді ресімдеу, ветеринариялық паспорттарды жүргізу және ВСЭ модульдерімен жұмыс істеу талаптарымен танысады.
Курстың мақсаты – сәйкестендірудің цифрлық құралдарымен жұмыс істеу бойынша ветеринариялық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және регламенттелген рәсімдерді орындауда бірыңғай тәсілді қалыптастыру.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінен акиматтар жолдаған мамандармен қатар, ветеринариялық станциялар қызметкерлері де қатысуда.
Оқыту ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және АӨК саласындағы экономикалық саясаттың аналитикалық орталығы.






