Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Сапардың негізгі мақсаты - болашақта бірлескен зертхана орналасатын Шығыс Қазақстан облыстық филиалының дайындығын тексеру. Бас директор филиалдың инфрақұрылымдық жағдайымен танысып, филиал басшылығымен ұйымдық және техникалық мәселелерді талқылап, зертхананы кезең-кезеңімен іске қосуға байланысты нақты тапсырмалар берді.

Инспекция барысында сыртқы жөндеу-құрылыс жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі таңда бұл жұмыстар аяқталу сатысында, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр.

Қазақстан мен Қытай арасындағы Бірлескен зертхананың ашылуы - ауыл шаруашылығы мен ветеринария салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болмақ. Жоба мамандар арасында тәжірибе алмасуға, заманауи зерттеулер мен диагностика жүргізуге жаңа мүмкіндік береді.